Петропавл қаласының қасиетті орындарына саяхат

Күзгі каникул кезінде «1 Смирнов орта мектебі» КММ 7 «А» сынып оқушылары Петропавл қаласының қасиетті және мәдени орындарына қызықты саяхат жасады. Оқушылар Абылай хан мұражайына барып, қазақ халқының тарихымен және ұлы ханның өмірімен танысты. Ботаникалық бақта балалар табиғаттың әсем көрінісіне тамсанып, сирек кездесетін өсімдіктерді көріп, көптеген жарқын фотосуреттер түсірді. Обсерваторияға бару да үлкен әсер қалдырды- онда оқушылар телескоп арқылы жұлдыздар мен планеталарды бақылап, ғалам құпияларын білді.Қызықты әрі мазмұнды бағдарламадан кейін балалар «Ударник» кинотеатрына барып, қызықты фильм тамашалап, біраз демалды. Күннің соңында «Самурай» кафесінде дәмді түскі ас ішіп, басқа ұлттың тағамымен танысты.Саяхат көңілді, танымдық және өте ұйымшыл өтті. Барлығы үйге тамаша көңіл-күймен және керемет әсермен оралды!

Қосымша ақпарат көздері