Аудандық олимпиаданың екінші күні: алтыншы сынып оқушыларының уақыты!

Бүгін, 13 қарашада «№1 Смирнов орта мектебі» КММ базасында аудандық пәндік олимпиаданың екінші күні өтті. Бұл жолы 6-сынып оқушылары өз күштерін сынап көрді. Алтыншы сынып оқушылары математика, жаратылыстану, орыс тілі , ағылшын тілі және қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша білімдерін көрсетті. Атмосфера толқу мен қызығушылыққа, әділ бәсекелестік рухына толы болды.Олимпиадаға қатыспас бұрын балалар ішкі іріктеуден өтіп, мектеп атынан ең дайын және мақсаткер оқушылар қатысты. Әрқайсысы жауапкершілік, зейін мен өз білімдеріне деген сенімділігін көрсетті.Олимпиадаға қатысу олардың жаңа тәжірибесіне, жеңістерге және өз-өзіне деген сенімге бастайтын қадам болсын!

Қосымша ақпарат көздері