Жастар мәслихатының қатарына қабылдау

2025 жылдын 14 қарашада Аққайың аудандық мәслихатының V шақырылымының VIII жиналысы өтті. Жастар мәслихаты-өзін дәлелдегісі келетіндер үшін және ортақ күш-жігермен өз құрдастарының өмірін жақсы жаққа өзгертуге жақсы мүмкіндік. Депутаттар ең алдымен оқушылардың ең өзекті мәселелеріне қатысты нақты шешімдерді талқылап, қабылдайтын болады. Әрбір тоқсандық сессиядан кейін жоғары тұрған облыстық мәслихаттарға сауалдар жолданады. Осы отырыста жастар мәслихатына жаңадан қабылданған мүшелерге төсбелгілерді салтанатты түрде табыстау өтті. Жастар мәслихатының құрамына №1 Смирнов орта мектебінің болашақ түлектері кірді. Бұл құрметке Абдуалиева Томирис, Даркеева Даяна, Ибраев Расул, Кислая Ксения, Сәкенова Камила және Судьин Андрей ие болды. Жастар ауылымыз бен Аққайың ауданының дамуына өздерінің мүмкіндігінше үлес қосуға, сондай-ақ жасөспірімдердің ең өзекті мәселелерін шешумен белсенді түрде айналысуға уәде берді. Жастар мәслихатының мүшелері, соның ішінде экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Бағила Нұртайқызы Жамалиева, «Отбасы» банкінің кеңесшісі Әсем Қарашевна Сейфулина және «Халық» банкінің өкілі Анар Бекетқызы Баянова құттықтау сөздерін айтты. Аққайың аудандық мәслихатының бас маманы Зульфия Қонысбайқызы Келдеғұлова жастарды жастар мәслихатына насихаттауда маңызды рөл атқарды.

Қосымша ақпарат көздері