Ғылымға қадам мектептен басталады

15 қараша күні Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің I туры өтті. Биыл өңіріміздің түрлі мектептерінен келген оқушылар 93 ғылыми жобаны ұсынып, өз білімдері мен зерттеу жұмысын таныстырды.

Мектебіміздің намысын 9-сынып оқушысы Бегалымов Дамир «Физика» секциясы бойынша қорғады. Ол өз жобасын сенімді түрде таныстырып, зерттеу тақырыбын терең меңгергенін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушы жүлделі 2-орынды иеленді!

Жетістігіңмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері