Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ-нің бастамасымен 2025жылдын 20 қарашада «№1 Смирнов орта мектебі» КММ «Заң және тәртіп – бейбітшілік пен әділеттілік жолы» тақырыбында 7–8-сынып оқушылары, ал 9–11-сынып оқушылары «Полиция және балалар – қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында мазмұндама жазды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін балалар өз құқықтары мен міндеттерін білуі, бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруі, заң мен тәртіпті сақтау қажет. Себебі бұл қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті сақтауға, қақтығыстар мен тәртіпсіздіктің алдын алуға көмектеседі.
Заңды сақтап, тәртіп ережелерін орындай отырып, біз қоғамға, өзімізге және құқық қорғау органдарына көмектесе аламыз. Демек, заң мен тәртіп – бұл елдің болашағы үшін баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Егер жасөспірімдер, жастар мен полиция өзара қарым-қатынасты сенім мен құрмет негізінде құратын болса, ал жасөспірімдер өз құқықтары мен міндеттерін білсе, онда қоғам тыныш әрі сенімді болмақ.
«Заң және тәртіп» акциясы аясында
