

2025 жылғы 5 желтоқсанда 1 Смирнов орта мектебіне қарасты “Айналайын” шағын орталығында «Тілге бойлау» бағдарламасының аясында қазақ тілі сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты — бүлдіршіндерге мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беру және қазақ тіліндегі сандарды қайталау болды.
Сабақ барысында балалар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны жайлы мәліметтермен танысты. Балалар рәміздердің түстері мен бейнелері туралы сұрақтарға белсенді жауап беріп, әнұранды қосылып айтты.
Сондай-ақ балалар сандарды қазақ тілінде айтып, ойын түрінде бекіту жаттығуларын орындады. Ойын арқылы үйрену әдісі балалардың қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Мұндай сабақтар мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік қорын байытып, отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
