2025 жылдын 3-4 желтоқсанда Астраханка орта мектебінде 7-8-сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Бұл зияткерлік сайыста мектебіміздің намысын табиғи-математикалық цикл (ТМЦ) пәндері бойынша өнер көрсеткен Дробов Я., Темирбекова Л., Шляпников М., Килданович Д., Измайлова Я., Саядян Е., Сатанов В. және Копытина Л. абыроймен қорғады. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт (ҚГБ) бойынша Жакан А., Кузнецова М., Ли В., Килданович К., Булатецкая А., Кухновец А. қатысып, өз білімдерін көрсетті. Олимпиада ТМЦ мен ҚГБ пәндері бойынша тапсырмаларды қамтыды. Мұндай байқауға қатысу — тек білім деңгейін көрсету ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынас орнату, ой бөлісу және басқа мектептердің талантты құрдастарымен танысу мүмкіндігі. Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта да табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
