2025 жылдын 3–4 желтоқсан күндері Астрахан орта мектебінде 7–8 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Бұл зияткерлік сайыста мектебіміздің намысын Дробов Я., Темирбекова Л., Шляпников М., Килданович Д., Измайлова Я., Саядян Е., Сатанов В. және Капытина Лера жаратылыстану-математикалық цикл (ЖМЦ) пәндері бойынша абыроймен қорғады.
Олимпиада математика, физика, биология және ЖМЦ-ге кіретін басқа да пәндер бойынша тапсырмаларды қамтыды. Мұндай байқауға қатысу — бұл тек өз білімін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас тәжірибесі, ой алмасу және басқа мектептерден келген дарынды құрдастармен танысу.
Біз оқушыларымызды мақтан тұтамыз және оларға алдағы уақытта табыс, шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!
