Ертегіге қонаққа бару

«№1 Смирнов орта мектебі» КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында «Теремок» ертегісін сахналау арқылы көркем әдебиет бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Мақсаты: Көркем әдебиетке деген қызығушылықты дамыту.
Балалар ертегінің кейіпкерлерімен және мазмұнымен танысып, қойылымға белсене қатысып, қызығушылық пен эмоционалдық сезімталдық танытты.
«Теремок» орыс халық ертегісі балалардың сөйлеу тілін, қиялын және есте сақтау қабілетін дамытуға көмектесіп, достыққа, өзара көмекке және ұжымда өмір сүре білуге тәрбиелейді.

Қосымша ақпарат көздері