«Жасыл достар»

Бөлме өсімдіктері біздің айналамызды көріктендіріп, оны жайлы әрі тірі етеді. Гүлдер ауаны тазартып, көз қуантады және жылылық пен тыныштық атмосферасын қалыптастырады. Алайда өсімдіктердің жақсы өсіп, гүлдеуі үшін оларға күтім қажет: жарық, су және көңіл бөлу. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы балалар тірі табиғаттың барлығы қамқорлықты қажет ететінін түсінеді.
«1 Смирнов орта мектебі» КММ шағын орталығында тәрбиеленушілер бөлме өсімдіктеріне үлкен қызығушылықпен күтім жасайды.
Мақсаты: Балалардың бөлме өсімдіктеріне деген қызығушылығын қалыптастыру және тірі табиғатқа ұқыпты, жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Күнделікті іс-әрекет барысында балалар гүлдерді дұрыс суаруды, жапырақтарын бақылауды, өсімдіктердің өсуіндегі өзгерістерді байқауды үйренеді. Гүлдерді суару жай ғана пайдалы іс емес, мейірімділік пен жауапкершілікке баулитын шағын ритуалға айналады.
Мұндай жұмыс балалардың табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасын дамытып, еңбек дағдыларын, зейінін және ұқыптылығын қалыптастырады. Балалар өсімдіктерге қуана-қуана қамқорлық жасап, өз еңбектерінің нәтижесіне мақтанышпен қарап, жасыл достарының өмірі мен сұлулығы олардың тырысуына байланысты екенін түсінеді.

Қосымша ақпарат көздері