Іс-шараның мақсаты балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, беске дейін санау дағдыларын дамыту, заттар санын санмен сәйкестендіру, сондай-ақ зейін мен логикалық ойлауды дамыту болды.
Іс-әрекет барысында балалар ойын түрінде заттарды санауды, олардың санын салыстыруды, сандарды ретімен атауды үйренді. Көрнекі құралдар мен дидактикалық ойындарды қолдану балалардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына ықпал етті.
«№1 Смирнов орта мектебі»КММ жанындағы «Айналайын» шағын орталығында «5-ке дейін санау» тақырыбында математика бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді
