«Заң және тәртіп» айлығы мен жаратылыстану-математикалық ғылымдар онкүндігі аясында 10-сыныпта «Адалдық сағаты. Таза ар- таза планета» атты сыныптан тыс іс-шара қашықтық форматта өткізілді. Кездесудің мақсаты — оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық мәдениетін және қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар заңдарды сақтау, жеке адалдық пен экологиялық мәдениеттің өмір сапасы мен планетаның болашағына тигізетін әсерін талқылады.Іс-шара форматы әңгімелесу, проблемалық жағдаяттарды талдау, өмірден алынған нақты мысалдармен жұмыс және пәнаралық кіріктіру элементтерін қамтыды. Жаратылыстану математикалық ғылымдармен байланыс жауапсыз мінез-құлықтың экологиялық салдарын қарастыру, антропогендік факторлардың табиғатқа әсері және экологиялық тепе-теңдікті сақтауда ғылыми білімнің рөлі арқылы көрініс тапты.Өткізілген «Адалдық сағаты» заңға бағынатын, саналы және әлеуметтік жауапты азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етті.
Адалдық сағаты. Таза ар- таза планета#Адал_азамат#Заңментәртіп
