«Аналар кеңесі – отбасы тәрбиесі мен қолдаудың ресурсы» атты дөңгелек үстел#Адал_азамат #Заңментәртіп


Адам өмірі отбасынан басталады, дәл осы ортада ол азамат ретінде қалыптасады. Отбасы – махаббаттың, құрметтің, өзара түсіністіктің және төзімділіктің бастауы. Кез келген өркениетті қоғам осы құндылықтарға негізделеді. Отбасы адамдарды біріктіріп, адами қарым-қатынастардың іргетасын қалайды. 21 қаңтар күні №1 Смирнов орта мектебінде «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде «Аналар кеңесі – отбасы тәрбиесі мен қолдаудың ресурсы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы Климов Петр Александрович, Аққайың аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Брысенкова Наталья Борисовна, аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері Каримова Райса Бекмағанбетқызы, отбасыны қолдау орталығының жетекшісі Калимбетова Күлшира Нұрмағанбетқызы, ЖРО-нын директорының міндетін атқарушы Сафаров Радик Ринатович, Аққайың ауданы округтерінің аналар кеңесінің төрайымдары және мектептің 10–11 сынып оқушылары қатысты.Дөңгелек үстел барысында отбасы институтын сақтау және нығайту, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ажырасулар санын азайту, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, бала құқықтары және заңнамалық құжаттарды қолдану мәселелері талқыланды. Іс-шара тиісті деңгейде өтті. Ұсынылған материалдар қолжетімді, мазмұнды әрі танымдық болды. Бұл кездесуде ересектер де, оқушылар да әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға болатын көптеген пайдалы ақпарат алды.

Қосымша ақпарат көздері