«Заң және тәртіп» айлығы аясында бүгін 1–4 сынып оқушылары арасында «Заң – бала көзімен» атты сурет байқауы бастау алды.Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды және қоғамдағы құқықтар мен міндеттерді сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Қатысушыларға өздерінің заң, әділдік пен тәртіп туралы түсініктерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету ұсынылады. Байқау шығармашылық форматта өтуде және балалар арасында үлкен қызығушылық тудыруда. Ол оқушыларға маңызды құқықтық тақырыптар туралы қолжетімді әрі түсінікті тілде – сурет арқылы ой қорытуға мүмкіндік береді.📌 Жұмыстарды қабылдау 28 қаңтарға дейін жалғасады. Қатысамын деушілер әлі де бар — байқау жұмыстары қабылдануда. Оқушыларды белсенділік танытып, қиялын ұштап, құқықтық сана қалыптастыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз!#Адал_азамат #Заңментәртіп
«Заң -балалар көзімен» сурет байқауы#Адал_азамат#Заңментәртіп
