Биология және химия пәні мұғалімдерінің оқу-әдістемелік семинары.«Биология және химия сабақтарында білім беру және цифрлық ресурстар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»2026 жылдын 30 қаңтарда «Тоқшын мектеп-гимназиясы» КММ-де «Биология және химия сабақтарында білім беру және цифрлық ресурстар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында биология және химия пәні мұғалімдерінің оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинар жұмысына «Тоқушын мектеп-гимназиясы» КММ-нің 5-9 сынып оқушылары, Аққайың ауданы мектептерінің биология және химия пәні мұғалімдері, сондай-ақ Аққайың аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі З. Б.Алпысова қатысты.Семинардың мақсаты — педагогтердің жаратылыстану-ғылыми және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдістемелік тәсілдерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары мен цифрлық білім беру ресурстарын қолдану арқылы меңгеруі болды.Өткізілген семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда цифрлық ресурстарды қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.
Биология және химия пәні мұғалімдерінің оқу-әдістемелік семинары
