«№1 Смирнов орта мектебі» КММ-нің оқушылары «Заң және тәртіп» жобасы аясында Отбасын қолдау орталығы ұйымдастырған профилактикалық іс-шараға қатысты

«№1 Смирнов орта мектебі» КММ-нің оқушылары «Заң және тәртіп» жобасы аясында Отбасын қолдау орталығы ұйымдастырған профилактикалық іс-шараға қатысты. Кездесу барысында оқушылар алдында учаскелік полиция инспекторы сөз сөйлеп, заңнаманы сақтау, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және заңға бағынатын мінез-құлықтың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жан-жақты жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның қорытынды кезеңі оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік викторинасымен аяқталды. Викторина қорытындысы бойынша «№1 Смирнов орта мектебі» КММ-нің командасы жоғары деңгейдегі білімін және ұйымшылдығын көрсете отырып, І орынды иеленді. Мектеп әкімшілігі іс-шараны ұйымдастырушыларға ынтымақтастық үшін және білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.

Қосымша ақпарат көздері