4-сынып оқушыларына арналған экологиялық квест

4 ақпанда «№1 Смирнов орта мектебі» КММ 4-сынып оқушылары үшін табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыруға және экологиялық сауаттылықты дамытуға бағытталған қызықты экологиялық квест өтті.Оқушылар үлкен қызығушылықпен 6 тақырыптық станциядан өтіп, өз білімдерін, тапқырлықтары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.«Дұрыс шифрды шеш» станциясында қатысушылар экологиялық шифрларды шешті.«Табиғат қонағында» станциясында бір минут ішінде 10 сұраққа жауап беріп, табиғат туралы жұмбақтарды шешті.«Табиғат білгірлері» станциясында оқушылар тыйым салатын экологиялық белгілерді салып, берілген әңгімеден қателерді тапты.Сондай-ақ балалар «Экологиялық әліппе» онлайн-ойынына қатысып, қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін ойын түрінде бекітті.Экологиялық квест достық әрі танымдық атмосферада өтті. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, командалық жұмыс жасап, табиғатты сақтау мәселелеріне қызығушылық білдірді.

Қосымша ақпарат көздері