


«Сайлау- болашағыңыздың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел. Оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2026 жылдын 5 ақпанда №1 Смирнов орта мектебінде 10-11 сынып оқушылары мен жас мұғалімдер арасында «Сайлау- болашағыңыздың негізі!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара сайлаудың маңызы, жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі және әрбір азаматтың мемлекет болашағы үшін жауапкершілігі туралы ашық диалог алаңына айналды. Кіріспе сөзбен тарих пәнінің мұғалімі Дмитрий Сергеевич Веселов шықты. Ол сайлауға қатысудың тек конституциялық құқық қана емес, сонымен қатар маңызды азаматтық міндет екенін атап өтті. Бұл іс-шараға жоғарғы сынып оқушыларының қатысуы қуанышты болды. 10-сынып оқушысы Савощик Ярослав өз сөзінде демократиялық қоғамдағы сайлаудың маңызын ашып, азаматтар тек дауыс беру арқылы елдің дамуына әсер ете алатынын атап өтті. 10-сынып оқушысы Тулеген Дильназ сайлау процесіндегі жастардың рөліне тоқталып, алғашқы сайлауға қатысу азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениет қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін айтты. 10-сынып оқушысы Киво Максим қазіргі заманғы сайлау жүйесінің сын-қатерлеріне, оның ішінде әлеуметтік желілердің ықпалына және сайлау кезеңінде ақпаратқа сыни тұрғыдан қараудың қажеттілігіне назар аударды. Дөңгелек үстел барысында №115 сайлау учаскесінің төрайымы Лязат Темерханқызы Кыдыкова сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мұндай кездесулер ауданымыздың жас және амбициялы азаматтарына дауыс беру және сайлауға қатысу құқықтарын еркін жүзеге асыруға көмектесетінін атап өтті және 15 ақпанда Смирнов ауылдық округі әкімін сайлау өтетінін хабарлады. Кездесудің соңында №115 сайлау учаскесінің мүшесі Айсұлу Тлеужанқызы Мукатаева қатысушыларға викторина ұйымдастырды. Талқылау барысында оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін айтты және әр адамның жеке таңдауы қоғамның болашағына қалай әсер ететіні жайлы ойларымен бөлісті. Өткізілген іс-шара оқушылардың сайлау туралы білімін кеңейтуге, азаматтық құқықтар мен міндеттерге саналы көзқарас қалыптастыруға және өз пікірін дәлелді түрде білдіру дағдыларын дамытуға ықпал етті.
