«Жарқын болашақ» – болашаққа бастар жол

№1 Смирнов орта мектебінде «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының (өзге ұлт өкілдері арасында) аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті. Аталған білім сайысына аудан мектептерінен келген 60 оқушы қатысты.

Олимпиаданың басты мақсаты – өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көтеру және дарынды оқушыларды анықтау. Қатысушылар қазақ тілінен білімдерін сынап, түрлі тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларын көрсетті.

Шара барысында оқушылар өз білімдерін еркін қолдана отырып, қазақ тілінде сауатты сөйлеп, жазу қабілеттерін дәлелдеді. Олимпиада әділқазылар алқасының қадағалауымен өткізіліп, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Соның ішінде біздің мектептен Ли Виктор, Киво Максим, Булатецская Агата өз білімдерін көрсетіп отындарға ие болды. Мұғалімдері: Бимагамбетова Ж.О., Альбекова Л.К., Ильяова А. У.
Осындай білім сайыстары жас ұрпақтың тілге деген құрметін арттырып, болашақта мемлекеттік тілді еркін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Қосымша ақпарат көздері