Жаратылыстану-математикалық бағыт онкүндігі аясында 2026 жылы 30 қаңтар 8 «Б» сыныбында «Халықтың ұдайы өсу типтері» тақырыбында география пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақта көрнекі материалдарды және заманауи технологияларды қолдана отырып, белсенді оқыту формаларын пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Жеке және жұптық жұмыстарды қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Сабақ барысында оқушылар халықтың ұдайы өсуінің негізгі типтерін меңгеріп, оларды ажырата білуге және мысалдар келтіруге үйренді. Әлеуметтік-экономикалық географияны оқуға деген қызығушылық артты. Бұл тәжірибені негізгі мектепте география пәнін оқыту тәжірибесінде қолдануға ұсынуға болады.
География пәні бойынша ашық сабақ
