7–8 сынып оқушылары арасындағы олимпиада

6 ақпан күні дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, танымдық қызығушылықты дамыту және оқуға деген ынтаны арттыру мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.Смирнов орта мектебінен олимпиадаға екі оқушы қатысты: информатика пәні бойынша Дробов Яромир және география пәні бойынша Темирбекова Лаура.Қатысушылар пәндер бойынша жақсы білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау, тапсырмаларды талдау және алған білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін дәлелдеді. Олимпиада достық әрі бәсекелестік жағдайда өтіп, оқушылардың өз қабілеттерін және жоғары нәтижелерге ұмтылысын көрсетуіне мүмкіндік берді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар зияткерлік сайыстардың келесі кезеңдеріне қатысуға ұсынылатын болады. Осындай іс-шараларды өткізу оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға және оқу пәндерін тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қосымша ақпарат көздері