«Akkaiyn creativ and IT center» аудандық IT-орталығына экскурсия


8-сынып оқушылары аудандық IT-орталыққа барып, олар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар орталықтың заманауи жабдықтары мен техникалық мүмкіндіктерімен танысып, ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс бағыттары туралы мәлімет алды. Мектеп оқушылары робототехниканың жұмыс істеу қағидаларын білді, роботтардың қалай жасалып,бағдарламаланатынын көрді, сондай-ақ VR-көзілдіріктің мүмкіндіктерімен және олардың оқу үдерісінде және болашақ мамандықтарда қолданылуымен танысты. Экскурсия оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, заманауи IT-технологиялар мен осы саладағы болашақ мүмкіндіктер туралы түсініктерін кеңейтуге көмектесті.

Қосымша ақпарат көздері