Жаратылыстану-математикалық цикл онкүндігі аясында «Жасанды интеллект көмегімен өз үй жануарынды жаса» тақырыбында шығармашылық байқау өтті. Оқушыларға өздерінің қиялдағы үй жануарын сипаттау ұсынылды: оның сыртқы келбеті, мінез-құлық ерекшеліктері, қабілеттері мен мекен ету ортасы, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз идеяларын визуализациялау тапсырылды.
Байқау оқушыларға шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын және заманауи цифрлық технологияларға деген қызығушылығын көрсетуге мүмкіндік берді. Қатысушылардың жұмыстары өзіндік ерекшелігімен және тың көзқарасымен көзге түсті.
Байқау қорытындысы бойынша:
1-орын — Әбілмажин Камила
2-орын — Измайлова Яна
3-орын — Энгель Ангелина
Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
«Жасанды интеллект көмегімен өз үй жануарынды жаса» шығармашылық байқауы.
