Мектеп кітапханасында 6 «А» сынып оқушыларымен көркем әдебиетке шолу

Смирнов №1 орта мектебінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға және көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы жұмыс аясында мектеп кітапханасында 6 «А» сынып оқушыларына арналған көркем әдеби кітаптарға шолу ұйымдастырылды. Іс-шараны ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Урдабаева И.Д. ұйымдастырып, өткізді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың оқырмандық ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ отандық және шетел әдебиеті шығармаларымен таныстыру болды. Оқушылар кітапхана қорындағы жаңа кітаптар туралы мәлімет алып, бұрыннан таныс шығармаларды еске түсіруге мүмкіндік алды.Әсіресе ағылшын тілін үйренуге пайдалы болуы мүмкін кітаптарға ерекше назар аударылды: бейімделген әңгімелер, балалар энциклопедиялары және ағылшын тіліндегі көркем шығармалар таныстырылды.Өткізілген әдеби шолу мұндай іс-шаралардың оқушылардың кітап оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, шығармашылық ойлауын дамытуға және таным көкжиегін кеңейтуге ықпал ететінін көрсетті. Көркем әдебиетті насихаттау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қосымша ақпарат көздері