Су -өмірдің және адамның жауапкершілігінің көзі

7 «Б» сыныбында «Су және оның адам мен қоғам тіршілігіндегі маңызы (СҚО-дағы Есіл өзені мысалында)» тақырыбында биология сабағы өтті. Сабақтың мақсаты -судың адам ағзасы мен қоғам үшін маңызын түсіндіру, Солтүстік Қазақстан облысы үшін Есіл өзенінің маңызды табиғи ресурс ретіндегі рөлін көрсету және су ресурстарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар су тапшылығы мен ластану мәселелерін белсенді түрде талқылады, адам әрекетінің өзендер мен су айдындарының жағдайына қалай әсер ететіні туралы ой бөлісті. Топпен жұмыс істей отырып, оқушылар түрлі өмірлік жағдайларды талдап, суды тиімді пайдалану жолдарын ұсынды, тұрмыста және мектепте суды үнемдеу бойынша өз идеяларын әзірледі.Нәтижесінде білім алушылар судың адам өмірі мен экожүйелер үшін маңызын түсінді, Есіл өзенінің өңір өміріндегі рөлі туралы білімдерін бекітті, топта жұмыс істеуді, өз пікірін дәлелдеуді және негізделген қорытынды жасауды үйренді. Оқушыларда су ресурстарын сақтау бойынша жеке жауапкершілік түсінігі қалыптасты.

Қосымша ақпарат көздері