«Талантты ұстаз – дарынды балаларға» атты жас педагогтар арасындағы аудандық олимпиада

2026 жылғы 13 ақпанда КММ «№1 Смирнов орта мектебі» базасында «Талантты ұстаз – дарынды балаларға» атты жас педагогтар арасындағы аудандық олимпиада өтті.Байқауға ауданның білім беру ұйымдарының жас мамандары қатысты. Олимпиада аясында қатысушылар дарынды оқушылармен жұмыс тәжірибесін ұсынып, заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістемелік әзірлемелерін көрсетті.Біздің мектеп атынан бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық А.М. қатысып, ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру әдістерімен шебер ұштастыра білді. Бұл балалардың білімге деген қызығушылығын ғана емес, сонымен қатар мәдениетке деген ықыласын арттыруға мүмкіндік берді.Аружан Мейрбекқызы I орын иеленді. Жеңісімен құттықтаймыз және облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері