«Математикалық бәйге»

18 ақпанда №1 Смирново орта мектебінде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1 «Б» сыныбының сынып жетекшісі Г.К. Кенжебаева бірінші сынып оқушылары арасында «Математикалық бәйге» атты қызықты ойын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болды. Оқушылар тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, мысалдарды жылдам шешіп, тапқырлық танытып, бір-біріне қолдау көрсетті.Ойын достық әрі жағымды атмосферада өтті. Сайыс қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті — барлық командалар тапсырмаларды сәтті орындап, жақсы білім деңгейін көрсетті.

Қосымша ақпарат көздері