23 ақпанда мектебімізде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2 «А» сыныбында «Айтып берейін саған ертегі… «Иттің дос іздеуі» (Мордов халық ертегісі) тақырыбында ашық әдебиеттік оқу сабағы өтті. Оқушылар мұғалім И.А.Попованың жетекшілігімен мәтінді оқып, болжамдар жасап, ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдермен жұмыс жасады. Мұғалім сабақ барысында жұмыстың түрлі формаларын қолданды: топтық, жұптық, ұжымдық және жеке жұмыс.Сабақта қостілділік элементі көрініс тапты. Мақал-мәтелдер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Сондай-ақ жұмбақтардың жауабын тапқаннан кейін, оқушылар оларды қазақ тіліне аударуы тиіс болды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру және шығармашылық әрекетке тарту мақсатында мұғалім балаларға оқылған ертегі желісі бойынша шағын көрініс қоюды ұсынды.Шығарма бойынша жүргізілген барлық жұмыс оқушылардың пайымдауы мен талқылауына негізделді, сондай-ақ мәтін бойынша сұрақ қоя білу дағдылары қалыптастырылды. Сабақ «Жұлдызды аспан» атты интерактивті рефлексиямен аяқталды. Экранда жанған жұлдыздар оқушылардың көзіндегі қызығушылық ұшқындарындай әсер қалдырды. Сабаққа қатысқан педагогтер тарапынан жоғары баға берілді.
Айтып берейін саған ертегі…
