Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

10-сынып оқушылары бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, жастарға арналған уақытша жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерімен танысты. Мамандар «Жасыл ел» және «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары туралы жан-жақты түсіндіріп, осы бағдарламалар аясында оқушылардың каникул кезеңінде еңбек ете алатынын айтты. Оқушылар қатысу шарттары, атқарылатын жұмыс түрлері және алғашқы еңбек тәжірибесін алудың артықшылықтары туралы білді. Іс-шара кәсіби бағдар беру жұмысының маңызды кезеңіне айналып, оқушыларға жазғы уақыттарын тиімді жоспарлау туралы ойлануға мүмкіндік берді.

Қосымша ақпарат көздері