М.Козыбаев атындағы СҚУ кәсіби бағдар жұмысы

Мәдениет үйінде Аққайың ауданының 9–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараны М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырды. Кездесуге ТҚФ және биология кафедраларының өкілдері қатысып, мектеп оқушыларына дайындық бағыттары, оқу ерекшеліктері, оқуға түсу шарттары және студенттік өмірдің мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты таңдауға қажетті пайдалы мәліметтер алды. Кездесу жоғары сынып оқушыларының жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері