Судың құпиялары

№1 Смирново орта мектебі жанындағы «Айналайын» шағын орталығында «Сумен тәжірибелер мен зерттеулер» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Мақсаты: балалардың судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын, байқағыштық қабілеттерін дамыту және тәжірибе жасау барысында қарапайым қорытынды жасай білуге үйрету.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында тәрбиеленушілер түрлі тәжірибелер жүргізді: судың түсі, иісі және дәмі бар-жоғын анықтады, қандай заттардың бататынын, ал қай заттардың қалқып шығатынын бақылап көрді. Сабақ қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, мектепке дейінгі балалардың қызығушылығы мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Қосымша ақпарат көздері