





№1 Смирнов орта мектебінде қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақ тілінің онкүндігінің ашылуына орай «Алғыс айту күні» мерекелік акуиясы өткізілді. Тағылымы мол шараға ата-аналар, ұстаздар және оқушылар белсене қатысты.Мерекелік кештің басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу қасиеттерін дәріптеу және ризашылық білдіру мәдениетін қалыптастыру болды. Акция барысында оқушылар жүрекжарды алғыстарын ұстаздарына, ата-аналарына және достарына арнап, өлең жолдарын оқып, көріністер қойды. Сонымен қатар қазақ тілінің мәртебесі мен маңызын насихаттайтын танымдық ойындар мен сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылды.Кеш барысында мектеп директоры мен ардагер ұстаздар, ата-аналар қауымы да шараға белсенді қатысып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор бұл акция қазақ тілінің онкүндігі аясындағы алғашқы қадам болып, алдағы уақытта өтетін іс-шараларға жарқын бастау берді. Ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені тағы білдірді.
