Мәдениет үйінде жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараны Ж. Тілеулин атындағы Жоғары медициналық колледж ұйымдастырды. Колледж өкілдері мектеп оқушыларын медициналық мамандықтармен таныстырып, оқуға түсу шарттары, оқу ерекшеліктері және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді.Іс-шара барысында мамандардың практикалық жұмыс элементтері көрсетілді: фельдшер, мейіргер, тіс дәрігері, фармацевт, акушер және зертханашы мамандықтары таныстырылды. Оқушылар кәсіби құрал-жабдықтарды көріп, әр мамандықтың ерекшелігі туралы мәлімет алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу медициналық мамандықтарға деген қызығушылықты арттырып, мектеп оқушыларына болашақ кәсіби жолын таңдауға көмектесті.
Ж. Тлеулин атындағы Жоғарғы колледжінің кәсіби бағдар жұмысы
