


№1 Смирнов орта мектебінде қазақ тілі онкүндігінің аясында 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары арасында «Кім жылдам?» атты қызықты үзіліс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту және жылдам ойлап, дұрыс жауап беруге баулу.Қызықты үзіліс барысында оқушылар бірнеше тапсырмаларды орындады. Олар сөздерді тез құрастыру, қазақ тіліне байланысты сұрақтарға шапшаң жауап беру сияқты ойындарға белсенді қатысты. Әр тапсырма оқушылардың тапқырлығы мен жылдамдығын сынады.Іс-шара соңында белсенділік танытқан оқушылар тәттілер алып, жақсы көңіл күймен сабақтарына оралды. «Кім жылдам?» атты қызықты үзіліс балаларға ерекше әсер қалдырды және қазақ тілі онкүндігінің мазмұнды өтуіне өз үлесін қосты Мұғалім: Бимагамбетова Ж.О.
