«Тапқыр достар» интеллектуалдық ойыны(сыныптан тыс жұмыс)

Бүгін, наурыздың 12 күні №1 Смирнов орта мектебінде қазақ тілінің онкүндігі аясында 4 «А», 4 «Б» сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді. Бұл ойын оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінен алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін дамытуға және ұйымшылдыққа, топ болып жұмыс жасауға, өздігінен іздене білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландырады. Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа  оқушылар 2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады. Ойын әр түрлі 4 кезеңнен тұрды. Балалар сұрақ – жауап, ребустар, сөзден сөз құрап және дымбілместің берген тапсырмасын шешті. Ойын соңында әділ қазылар қорытынды ұпайларын, іс-шараға белсене қатыстанына рақмет айтып оқушыларды мақтады. Жарыста өз жігерлігін жәнетапсырлыңын көрсете білген 4 «Б» сыныбы жеңіске жетті. Мектепішілік линейкада балалар тәтті сыйлықтар және мадақтама қағазымен марапатталатын болады.

Өткізген: Бимагамбетова Ж.О.

Источник дополнительной информации