


2026 жылдың 28 мамыр күні 1 Смирнов орта мектебінде 7 “А” және 7 “Б” сынып оқушылары арасында аралық аттестация өткізілді. Аталған сыныптарда барлығы 39 оқушы білім алады. Оның ішінде 38 оқушы емтиханға қатысып, бір оқушы арнайы медициналық анықтамаға байланысты Емтихан барысында оқушылар өздерінің жыл бойы алған білімдерін дәлелдеп, тапсырмаларды жақсы деңгейде орындады.Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың дайындықтарына оң бағаларын беріп, олардың белсенділігі мен жауапкершілігін атап өтті. Балалар емтиханнан сәтті өтіп, жақсы нәтижелер көрсетті.Мектеп ұжымы оқушыларға алдағы уақытта да сәттілік пен жоғары жетістіктер тілейді.
