№1 Смирнов орта мектебінде  8 «А», 8 «Б», 10  сыныптарында  аралық аттестация өтті

2026 жылдың мамыр айында №1 Смирнов орта мектебінде 8 «А», 8 «Б» және 10-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық аттестация өткізілді.

8-сыныптар бойынша барлығы 23 оқушы емтихан тапсырды. Ал 10-сыныпта 12 оқушының 11-і емтиханға қатысты, бір оқушы арнайы медициналық анықтамаға байланысты емтихан тапсырған жоқ.

Емтихан барысында оқушылар жыл бойы алған білімдерін көрсетіп, өз деңгейлерін дәлелдей білді. Аралық аттестация талапқа сай ұйымдастырылып, өткізілді.

Источник дополнительной информации