Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Ел болашағы – ұлттар достығында, ал бұл достықтың алтын көпірі – ортақ мемлекеттік тіл. Қазақ тілі – еліміздің рухани тірегі, ел бірлігінің негізі.Осындай мақсатты ұстана отырып, өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған қазақ тілі пәнінен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты олимпиадаға №__ мектептің 7 «А» -сынып оқушысы Измайлова Яна қатысып, өз білімін сынап, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Олимпиадада Яна өз деңгейінде жақсы нәтиже көрсетіп, қазақ тілін жетік меңгеруге деген талпынысы мен қызығушылығын дәлелдеді.Мұндай іс-шаралар оқушыларды тіл үйренуге ынталандырып қана қоймай, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға да үлкен үлес қосады. Ал қазақ тілін жетік меңгерген әрбір өзге ұлт өкілі – Қазақстан халқының бірлігінің, ел болашағының кепілі.
Мұғалімі: Бимагамбетова Ж.О.
