

9-11 сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында МКҚК «Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжі» өкілінің қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында білім алушыларға даярлық бағыттары, оқуға түсу шарттары, оқыту мерзімдері және сұранысқа ие жұмысшы және техникалық кәсіптер туралы ақпарат ұсынылды. Техникалық қызмет көрсету, электрмен жабдықтау, төтенше жағдайларда қорғау, өрт қауіпсіздігі, дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ кәсіптік оқыту саласындағы мамандықтарға ерекше назар аударылды.
Оқушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға және мектепті бітіргеннен кейін мүмкін болатын білім беру және кәсіптік траекториялар туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік алды.
