



Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі аясында бастауыш сынып оқушылары арасында ерекше әсерлі шара өтті. 2–4 сынып оқушылары “Анама алғыс” тақырыбында жүрекжарды ойларын қағаз бетіне түсіріп, аналарға деген сүйіспеншіліктерін білдірді.Шараның басты мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметін арттыру, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Балалар өз шығармаларында ананың мейірімі мен қамқорлығын, ақ сүтін, түн ұйқысын төрт бөліп өсірген еңбегін ерекше тебіреніспен жазды. Көптеген оқушылар анасының жылы құшағын, тәтті тағамдарын, айтқан ақыл-кеңестерін ризашылықпен еске алды.Ең әдемі және қатесіз жазған балалар 1,2,3 орындарға ие болды.
