


2026 жылдың мамыр айында №1 Смирнов орта мектебінде 8 «А», 8 «Б» және 10-сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық аттестация өткізілді.
8-сыныптар бойынша барлығы 23 оқушы емтихан тапсырды. Ал 10-сыныпта 12 оқушының 11-і емтиханға қатысты, бір оқушы арнайы медициналық анықтамаға байланысты емтихан тапсырған жоқ.
Емтихан барысында оқушылар жыл бойы алған білімдерін көрсетіп, өз деңгейлерін дәлелдей білді. Аралық аттестация талапқа сай ұйымдастырылып, өткізілді.
